-Сәлеметсіз бе, қарындас, жағдайыңыз қалай?
- Қалай болса, солай...
- Ауылыңыз қайда?
- Жерде.
- Жұмысыңыз?...
- Аспанда.
- Қалай?
- Ұшақта стюардессамын.
- Оған дейін не істедіңіз?
- Кеше көртөшке қуырдым...
- Сізге қарным ашты. Дұрыс жауап берсеңіз қайтеді?
- Қарныңыз ашса, қаймақ жалаңыз!
- Рахмет, тойдым.
- Тоймасаңыз, тоныңызды пісіріп жеңіз!
- Масқара...
- Мас адамға қарамаймын...
- Қасқыр қарындас екенсіз...
- Қоян қарындас болғым келмейді!
- Тіл мен жаққа сүйеніп болар емессіз ғой!
- Немене, сүйкімсіз сізге сүйенуім керек пе?
- Жоға, сіз маған ұнап барасыз... құмырысқа беліңіз әсем екен...
- Е, сиырдың белі деп ойладыңыз ба?
- Сіздей сұлуды тапқан анаңыздан айналайын!
- Шешемді айналып жүретіндей, бақсы емес шығарсыз?
- Кешіріңіз, жігітпен жүресіз бе?
- Немене, жүрмегенде, еңбектеуім керек пе?
- Басыңыз бос па дегенім ғой...
- Бос болса, ботқа салып қоясыз ба?
- Туу, тақылдап тұрсыз ғой...
- Немене, ыңқылдап тұруым керек пе?
- Жарайды, енді...
- Мені "жарамайды" деп кім айтты?
- Шамасы, тіліңіз қышып тұр -ау?
- Қышыса, қасып берейін деп пе едіңіз?
- Миым ашып кетті...
- Ашыса, тұз себіңіз!
- Сәл жібісеңізші...
- Жібісем, жеп қоясыз ба?
- Айтпақшы, атыңыз кім?
- Атым жоқ, бием бар.
- Әжеңіз сізді кім деп атайды? Таныса отырайық...
- Ботақаным дейді.
- Шешеңіз...
- Әкесінің қызы деп еркелетеді.
- Әкеңіз...
- Шешесінің қызы дейді.
- Көршіңіз?
- Көршінің қызы дейді.
- Сізбен танысу қиын екен.
- Ия, Ұлттық Бірыңғай Тест сияқты қиынмын...
- Кешіріңіз, сүйікті тамағыңыз...
- Быламық.
- Маған тұрмысқа шықсаңыз, күнде ет жейсіз... мойныма отырғызып бағар едім...
- Мойынға отырып, тамақ ішіп көрмеппін...
- Үлде мен бүлдеге орайтын едім...
- Орайтындай, бесіктегі бала емеспін.
- Қарындас, сізге француз духиін сыйлағым келеді...
- Маған қазақ жігітінің иісі француз духиінен артық! Жігіт болсаңыз, мені қуып жетіңіз!
- Ойбай, не дейді? Менде қандай иіс бар еді? Темекінің иісі, шетел шараптарының иісі... доллардың иісі... О, махаббат иісі бар екен ғой! Қой, сасып кетпей тұрғанымда, қуып жетейін!
E.A